Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Павлодарлықтар саяжай өнімдерін өткізетін орын тапшылығына көңілі толмауда

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қала басшылығы қосымша сауда нүктелерін іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлықтар саяжай өнімдерін өткізетін орын тапшылығына көңілі толмауда

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері хабарлағандай, бүгінде осы мақсатқа Павлодарда алты орын ұйымдастырылған: Назарбаев, 89, Назарбаев-Толстой («Азия» дүкені), ДЭУ мөлтек ауданы, Қамзин, 171 («Керуен»), Бекхожин, 15/1 («Көктем»), Омбы тас жолы («Сосновый бор»).

Аталған ақпарат жарияланғаннан соң әлеуметтік желілерде сауда орындарының тапшылығы жөнінде пікірлер айтыла бастады.

Айталық, павлодарлық Наталья Подтиткова Instagram желісінде Затон базары маіында өз өнімін өткізуге ниет білдірді.

- Біз Затон және «Асыл» базарларында тұрамыз. Адамдар сол жерде трамвайдан түсіп, біздің көкөністерімізді сатып алуға асығады. Енді саяжай өнімдерін тасып, басқа жерге баруымыз керек пе. Осы мәселені реттеуге болады ғой, - дейді Наталья Подтиткова.

Әлеуметтік желілер пайдаланушылары қалалықтардың біразы «Отау» және Лермонтов-Мөшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында орналасқан базарда сатқысы келетінін айтуда. Алайда бұл нүктелерде орын жоқ. Басқа базарларда да жағдай осындай.

Қалалық бөлім бас маманы Әсел Кенжалинаның айтуынша, саяжай өнімдерін сатуға үшін Хим қалашығы, «Алатау» СҮ және Екінші Павлодар мөлтек ауданында жаңа орындар ашу жоспарлануда.

- Саяжай иелері бұл орындарды тегін пайдалана алады. Біз барлық аудандарды қамтуға тырысамыз. Бүгінде «Затон» базарымен зейнеткерлерге арналған орындарды беру жөнінде келісімге келдік.

Бөлім бас маманы барлық сауалдар бойынша 65-24-48 телефонына хабарласуға болатындығын және тұрғындардың өтініштері ескерілетінін айтты.