Себебі әлемге танымал Эйфель мұнарасы карантин жариялағаннан кейінгі алғашқы қонақтарын қарсы алып жатыр. Қиындық туғызатын жайттардың бірі – лифтінің істен шыққаны. Енді лифтілер 1 шілдеге дейін жұмыс істемейді, сондықтан жаяу көтерілуге дайындала беріңіз.
Болат мұнараға жоғары көтерілгенше 1665 қадам бар. Алайда екінші қабаттың үстіндегілер келушілер үшін жабық болғандықтан, 674 баспалдақпен қана көтерілуге тура келеді. Парижде күннің күрт ысып кетуіне байланысты болат мұнарадан бөлінетін ыстыққа кейбіреуінің шыдамы жетпей де жүр.
Эйфель мұнарасының веб-сайты екінші қабатқа жету үшін шамамен 30-45 минут уақыт кететінін хабарлайды, бірақ "бұл сіздің денсаулығыңызға байланысты!".
Кішкентай балалары мен нәрестелері бар , сондай-ақ операциядан кейінгі және денсаулығы нашар адамдардардың көтерілмеуіне кеңес береді.