1 шілдеден бастап күшіне енетін заңды орындамағандар үшін, таңғаларлығы айыппұл қарастырылмаған.
Ямато заң шығарушылары қала тұрғындарының өзі смартфондарды серуендеу кезінде қолдануға болмайтынын түсінеді. Өйткені ол адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізеді. Заңға сәйкес, Ямото тұрғындары басқа жолға өтетін жаяу жүргіншілерге кедергі жасамайтын жерде тоқтап, содан кейін ғана қарауы керек.
Осы жылдың қаңтар айында қала билігі зерттеу жүргізген болатын. Алты мың адамның ішінде 12%-ы жаяу жүру кезінде смартфондарды қолданған. Жапон ғалымдары егер адам смартфонынан хабарлама жіберетін болса, оның көру қабілеті үштен бірге дейін азаяды. Ал қозғалыс кезінде ол басқа жаяу жүргіншілерге немесе көліктерге соқтығысуы мүмкін.