Елбасы • 25 Маусым, 2020

Елбасының атына бірқатар жеделхат келіп түсті

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Бен Заид Әл Нахаяннан және Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумнан жеделхаттар келіп түсті, - деп хабарлады elbasy.kz.

Елбасының атына бірқатар жеделхат келіп түсті

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті мен Премьер-Министрі Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

"Алладан Сізге зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір, отбасыңызға және достас Қазақстан Республикасының халқына жақсылық сұраймыз.

Біздің зор құрметіміз бен ыстық ықыласымызды қабыл алыңыз", - делінген жеделхаттарда.