«Ана тілі» апталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» (25 маусым 2020 жыл) атты сұхбаты жарияланды. Сұхбаттың тақырыбынан-ақ Президенттің бүгінгі проблеманы ғана емес, болашақтағы мәселелерді де жан-жақты қамтығанын аңғаруға болады. Пандемия, мемлекеттік тіл мәселесінен бастау алған келелі әңгіме ұлттық мүддеге ұласады.

«Тіл мәселесіне бейжай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін» дей келіп Мемлекет басшысы мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге байланысты өрелі тұжырымдарын ортаға салады. «Қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек». Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді білуі тиіс деп жиі айтылатын әңгіменің басты тетігі осы. Президент қазақ тіліне қажеттілікті арттыру қажет екенін, халықпен етене жұмыс істейтін лауазымға кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек екендігін тайға таңба басқандай айтып отыр емес пе. Алдағы күндері Президенттің осы ой орамдары билік тарапынан жүзеге асырылатын болса, мемлекеттік тілге қатысты қордаланған мәселенің түйіні тарқатыла түсетіні анық.
Тағы бір тілге тиек етер жайт, Мемлекет басшысы ана тілінен бейхабар азаматтарға байланысты қатқылдау сыни пікірін білдірді. Яғни «Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс». Биліктегі қазақтар ана тілін білуі тиіс деп ұқтық біз мұны.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында елдік мәселесі де, елдікті көркейтетін еңбек мәселесі де қозғалған. Елдік демекші, Президент елімізді өркендету өз қолымызда екеніне де айрықша тоқталған. «Біздің осындай сындарлы сәтте қателесуге еш қақымыз да, құқымыз да жоқ. Және мемлекет құрушы ұлт ретінде бұл мәселені бірінші кезекте өзіміз терең сезінуіміз қажет. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр…» деп түйіндеді мемлекеттілікке қатысты тұжырымын Мемлекет басшысы.
Ал еңбекке қатысты ойы әлі күнге бейқам қазаққа, жаһандану заманында, бәсекелестік кезең белең алған тұста тойшыл дағдысынан арылмаған ағайынға қарата айтылған арнау сөз деп қабылдадық.
«Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек». Президент Қ.Тоқаевтың елдік кредосы бұл. «Халықтың қазынасы той емес», тынымсыз тірлік, үздіксіз еңбек, сол арқылы елдің өркендеуі, халықтың көркеюі екендігін аңғартады.
«Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!» Парасатты Президенттің пайымы бұл. Ой қуалаған қазақтың өрісі де кеңейіп, өркениеттегі де орны бөлек болуға тиіс. Ендеше, сол күндерге тезірек жету үшін еткен еңбегіміздің есесін берсін.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар