Бүгінде ғаламторда, әлеуметтік желілерде коронавирустың пайда болуы, таралуы және оны емдеуге байланысты түрлі шындыққа жанаспайтын ақпараттар, қисынсыз болжамдар таралып жатыр. Ал оның өзіндік қаупі де жоқ емес. Ел-жұрттың үрейін ұшыратын жалған ақпараттар легі бүгінде инфодемия деген атауға ие болған. Биылғы ақпан айынан бастап қолданысқа енген инфодемия термині – қазіргі таңдағы ең өзекті, күн тәртібінде тұрған мәселе. Яғни пандемия секілді инфодемия немесе инфопандемия да қауіпті. Оның таралу жылдамдығы пандемиядан да асып түседі.

Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен биыл екінші мәрте өткен «Turkіstan open mеdіa-2020» форумында осы инфодемия тақырыбы талқыға түсті. Қазіргі күннің өзекті мәселесіне арналған форум онлайн- конференция режімінде жүргізілді. «Пандемия тұсындағы инфодемияның бүгіні және ертеңі» тақырыбында өткен шараны ашқан Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, «Egemen Qazaqstan» газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай алдымен форумға ізгі тілегін білдіріп, қолдау көрсеткен Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің хатын оқып берді.
«Бүкіл әлем бойынша мыңдаған бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттық порталдар, әлеуметтік желілердегі миллиондаған қолданушылардың коронавирус жайлы түрлі ақпарат таратуы инфодемияның асқынған түрін білдіреді. Сондықтан да жалған ақпараттар тасқынын сарапшылар эпидемия, пандемияға ұқсастырып отыр», деді Ғ.Елшібай.
Мамандардың айтуынша, жалған ақпараттың таралуын тоқтату – талай адамның өмірін сақтап қалуға әсер етеді. Себебі, біріншіден, инфодемияға арбалған адам түбі депрессияға ұшырайды. Өмірден түңіледі, үмітсіздік пайда болады. Екіншіден, коронавирустың таралуын шектеуге бағытталған шараларды сақтауға құлықсыз келеді.
Форумға онлайн түрде қатысып, сөз алған спикерлердің арасында Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай да болды.
«Пандемия мен инфодемия – нағыз бүгінгі күннің тақырыбы. Жалпы, қазір журналистика – қоғамның айнасы. Ақпарат құралы ұжымның насихатшысы, ұйымдастырушы деген анықтамалардың бәрі ескірген. Меніңше, масс-медиа оқырмандарды, көрермендерді қалыптастыруға қызмет етеді. Соған сәйкес ақпарат құралдары таратқан өнімнің сапасы өте жоғары деңгейде болуы тиіс», деді Д.Мыңбай.
Ал облыстық тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов COVІD-19 ауруына қатысты өңірдегі эпидемиялық ахуалға тоқталып өтті. Облыста бүгінге дейін коронавирус жұқтырған 619 науқас тіркелген. Оның 307-сінің клиникалық белгілері бар болса, қалғанының сырқаты симптомсыз өтуде. Аурудың 20 мен 29 жас аралығындағы азаматтарда көптеп кездесетіні байқалған. Облыста алғашқы науқас наурызда тіркелсе, сәуірден бастап жағдай күрделене түскен. Бүгінге дейін 39 мыңнан аса адам коронавирусқа тексеруден өткен. Кейінгі кездері карантин режімін бұзудың салдарынан тұмау мен пневмония дерттерінің көбейгені байқалады. Аудандарда, қалаларда 11 мобильдік топ мониторинг жүргізуде. Бір аптада санитарлық талаптарды бұзудың көптеген фактісі анықталып, 45 әкімшілік хаттама сотқа жолданған. Соңғы күндерде кейбір шектеулер қайта енгізілген.
Тексерілмеген, қате ақпараттың қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін екенін облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов та айтып өтті. Сондай-ақ ол журналистердің жеке басының қауіпсіздігін сақтау қажет екенін ескертті.
Инфодемияның басты көрінісі – тексерілмеген ақпаратты тарату. Бұл ретте әрбір журналист немесе блогер коронавирусқа қатысты қандай да материал, пост жазатын болса, әрдайым жауапкершілік мәселесін ойда ұстауы тиіс.
«Тексерілмеген ақпарат және журналист жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасаған онлайн-конференцияның спикері, медиатренер, журналист Жұлдыз Әбілданың айтуынша, әр мәліметті әр ақпарат құралы әртүрлі таратады. Кейбір ақпарат құралдары болмашы жаңалықты дабыра еткенге құмар. Ғалымдардың коронавирустың еміне қатысты айтқан сөздерін үзіп-жұлып, мың құбылтып беріп, нәтижесінде жұртты адастыратын ақпарат құралдары да жоқ емес. Мәселен, коронавирустың емі ретінде әлдебір дәрілердің аттарын атаған ақпарат құралдары да кездескен. Алайда бұл дәрі тек ауыр халде жатқан науқастарға ғана қолданылады. Тамақты ас содасы қосылған сумен булау, спиртті қолдану сияқты емдеу, алдын алу шаралары туралы да осыны айтуға болады. Журналист мұндай ақпараттарды таратар кезде сарапшылардың, дәрігерлердің пікіріне жүгінгені жөн.
Форумда көтерілген тағы бір өзекті мәселе – коронавирус кезеңіндегі журналистердің қауіпсіздігі. Өкінішке қарай елімізде бірқатар әріптестеріміздің кәсіби міндеттерін орындау барысында осы қатерлі індетті жұқтырып алғанына қатысты ақпараттар тарады. Жалпы, журналист COVІD-19 тақырыбымен қалай жұмыс істеуі керек, қалай ізденгені жөн, қай мәселеге көбірек назар аударуы тиіс? Бұл сұрақтар да форумда кеңінен талқыланды.
Форумда сөз алған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Бекжігіт Сердәлі журналист мамандарын даярлауға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған университетте цифрлы журналистика мамандарын даярлау қолға алынған. Жалпы, журналистикадағы ең қажетті дүниенің бірі – тәжірибе алмасу. Осыған байланысты оқу ордасында білікті журналистерді шақырып, шеберлік сыныптарын өткізу қалыпты үрдіске айналған. Сондай-ақ форумда коронавирустың медианарыққа тигізген кері әсері де айтылды. Жалпы бұл мәселенің алда талай алқалы жиындардың негізгі тақырыбы болары айдан анық.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткен форум барысында Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы еңбегімен елдің назарына іліккен шығармашылық қауымды марапаттады. Биыл Мақтааралдағы су тасқыны кезінде белсенділік көрсеткендердің есімдері де құрметпен аталып, оларға арнайы «Айбын» номинациясы тапсырылды. Бұдан басқа да бірқатар номинацияның иегерлері марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Журналистер одағының мүшелігіне бірқатар БАҚ өкілі қабылданды.
Түркістан облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 22:10
Аймақтар • Бүгін, 21:45
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • Бүгін, 20:50
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 20:32
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Бүгін, 20:10
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:05
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 19:36
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • Бүгін, 18:57
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • Бүгін, 18:41
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Бүгін, 18:35
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:33
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 18:27
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:24
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • Бүгін, 18:21
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • Бүгін, 18:10
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Бүгін, 18:03
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:56
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Бүгін, 17:46
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Бүгін, 17:40
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 17:29
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • Бүгін, 17:25
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 17:21
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Бүгін, 17:20
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Бүгін, 17:20
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Бүгін, 17:17
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Бүгін, 17:03
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 16:59
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • Бүгін, 16:56
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • Бүгін, 16:52
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Бүгін, 16:51
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Ұқсас жаңалықтар