10 Қазан, 2013

1 миллион тонна Алтайдың алтын астығы

243 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кенді Алтайдың ауыл­ша­руашылық қызметкерлері, диқан-механизаторлары ең­бек жеңісіне ие болды. Ауа райының жауынды-шашынды, қолайсыз болғанына қарамастан бүгінгі күні өңір­дегі дәнді-дақылдар толығымен жиналып, тұң­ғыш рет 1 миллион 23 мың тонна алтын астық мемлекет қамбасына құйылды. Биылғы астықтың шығымы ерен – гектарынан 18 центнерден, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Ұлан аудандарында 20-25 центнерге дейін егін орылды.

IMG 8406

DSCN0102Шығыс Қазақстан облысының егін өсірумен шұғылданатын шаруа қожалықтары, диқан-механизаторлар бұл табысқа жерге минералды тыңайтқыштарды сіңіру, прогрессивті технологияны батыл қолдану, жаңа техниканы сатып алу нәтижесінде қол жеткізді. Оның үстіне облыс әкімі Б. Сапарбаевтың бастамасымен соңғы үш-төрт жылда өңірде егістік көлемі 300 мың гектарға ұлғайды. Биыл 1293,7 мың гектарға дәнді-дақылдар егілді. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, ол 77,6 мың гектарға артық. Сонымен бірге, облыстың ауылшаруашылық құрылымдарына 3465 миллион теңгеге жаңа техника сатып әперілді.

– Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын түбегейлі жетілдіру, экспортқа астық, көкөніс жөнелтуді дұрыс жолға қою мәселесі тапсырылғаны белгілі. Бұл орайда, өңір басшысының бастамасымен ауылшаруашылық құрылымдары ілкімділік пен ізденістер танытуда. Күнбағыс, ұн, өсімдік майы, ет өнімдері, бал және көкөніс дақылдарын экспортқа шығаруда жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Мәселен, өткен жылы экспортқа 2,6 миллиард теңгенің, ал биылғы 8 айда 4,7 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін жөнелттік. Биылдың өзінде облыс орталығында барлық аудандар мен қалалардың ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп, қала тұрғындары арзан ет, сүт, көкөніс өнімдерін сатып алды. 12-14 қазанда Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысы мәдениетінің күндері және жәрмеңкесі өтеді. Мұның алдында Астанада облыс жәрмеңкесі күндері жұрт есінде қалатындай мәнді де сәнді өткені белгілі. Сонымен бірге, өңір басшысының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі бірқатар облыстарда атап өтілмек, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов.

Облыс диқандарының еңбектегі ерен табыстары жалғаса бермек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.