Спорт • 26 Маусым, 2020

"Ливерпульдің" жаңа рекорды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Англия Премьер-лигасында күні бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізген "Ливерпуль" тағы бір рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz

"Ливерпульдің" жаңа рекорды

Олжалаған жүлделердің саны бойынша "Ливерпуль" ағылшындық командалар арасында бірінші орынға шықты. Осы күнге дейін олар 43 кубокқа иелік еткен екен: 19 мәрте Англия Премьер-лигасының жеңімпазы, 7 рет Англия кубогының иегері, 8 мәрте Лига кубогы және 9 рет түрлі еурокубоктарды еншіледі. 

Екінші орында "Манчестер Юнайтед". Олар 42 рет бас жүлдені олжалады. Атап айтсақ, 19 рет Англия чемпионы, 12 рет Англия кубогы, 5 рет Лига кубогы және 5 рет еурокубоктың иегері атанды.