Заң түзетулерінің топтамасы 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша БҰҰ-ның мызғымас қағидаттары негізінде қалыптасты. Бұл:
- өз халқын тұтынушылар ретінде тиісінше қорғауды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлерді тәртіптің этикалық нормаларын қатаң сақтауға шақыру, клиентке бағытталған бизнесті қолдау;
- тұтынушылардың тәуелсіз топтарын құруға ықпал ету, қоғамдық бақылауды күшейту;
- тұтынушылық дауларды реттеудің тиімді тетіктерін және тұтынушыларды құқықтық қорғау құралдарын енгізу.
Атап айтқанда, Заң мен жаңа ережелер мен форматтарды:
- шағымдарды қараудың 3-сатылы жүйесін;
- тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату орындарында сатушының, уәкілетті органның және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыстарын орналастырмағаны үшін, сондай-ақ тауарларды айырбастау немесе ақшаны қайтарудан бас тарту және тұтынушылардың шағымдарын елемеу үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігі;
- тұтынушылардың заңды мүдделері өкілдерінің және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізімін;
- сатушы, сотқа дейінгі реттеу субъектілері мен уәкілетті органның сатыларындағы өтініштерді қарау тетіктерін;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті енгізу және құру қарастырылған.