10 Қазан, 2013

Дәрігерлер қателігінен сот процесі ұзаққа созылады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 10-OtirisЕліміздегі дәрігерлердің қателігінен сот процесі ұзаққа созылып кетеді. Бұл туралы Meta.kz хабарлады.

Өткен жылы Алматы қаласында 25 жасар жігітті бұзақылар соққыға жықты. Басынан ауыр жарақат алған оған дәрігерлер дер кезінде ота жасамауы себепті ауруханада қайтыс болды. Қазаға қабырғасы қайысқан анасы дәрігерлер үстінен Денсаулық сақтау министрлігіне шағым түсірді. Аталмыш министрліктегі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті тексеру барысында жігіт өліміне дәрігерлердің қателігі себеп болғанын анықтап берді. Осы келеңсіздікке байланысты қылмыстық іс қозғалғанымен, әлі күнге дейін кінәлілер жазаланбаған.

Мына оқиғаға да бей-жай қарай алмайсыз. Биылғы жылдың басында Павлодар қаласындағы бір жарым жасар нәрестенің тамағына күріш тұрып қалады. Бұл бүлдіршін де дәрігерлердің «шабан» қимылы мен қателігінен көз жұмған. Ал ата-анасы дәрігерлермен әлі күнге дейін соттасып келеді. Өйткені, кінәлі тұлғаларды қызметтерінен төмендетумен шектелген...

Бақытбек Кенешұлы.