Білім • 26 Маусым, 2020

50 талапкер тестілеуден шеттетіліп, 56 талапкер шығарылды

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21 маусымда бүкіл республика бойынша мектеп оқушылары өміріндегі басты оқиғалардың бірі - ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Бұл тестілеудің сәтті өтуінің арқасында түлектердің жоғары оқу орындарында әрі қарай ақылы немесе мемлекеттік гранттың негізінде тегін білім алуы анықталады, деп жазады Egemen.kz

50 талапкер тестілеуден шеттетіліп, 56 талапкер шығарылды

Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық аймақтарында жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына арнайы мониторинг топ, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері және Агенттік қызметкерлері кірді.

Бұл топтың негізгі мақсаты тестілеудің "тазалығын" бақылау болып табылады. Қандай да бір сәйкессіздіктер немесе тестілеу ережелері бұзылған жағдайлар анықталғанда, олар бұл туралы жауапты тұлғаларға хабарлауға міндетті.

Маңғыстау өңірінде Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Маңғыстау, Бейнеу аудандарындағы пункттерде ҰБТ өткізілуде. Маңғыстау ауданы бойынша ҰБТ шарасы өз мәресіне жетіп, қалған пункттерде одан әрі тест жалғасуда. Қоғам белсенділерінен құралған бақылаушылар осы аталған пункттерде тест сұрақтары салынып келген қаптардың ашылу сәтінен бастап, талапкерлердің жауаптары сканерленуіне дейінгі барлық процесті бақылауда ұстайды.

21-24 маусым аралығында ҰБТ қатысуға ниет білдірген 2603  талапкерлердің металіздегіш құрылғысының көмегімен анықталған рұқсат етілмеген құрылғыларды өзімен бірге алып кірмек болған 50 талапкер тестілеуден шеттетілсе, тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан 56 талапкер шығарылып, нәтижелері жойылды.

Сонымен қатар, тестілеу өткізілген әрбір аудиторияның бейнежазбалары Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығына жолданып, сарапшылар жазбаларды ағымдағы жылдың 25 тамызына дейінгі аралықта қайта талдап қарайтын болады. Егер қандай да бір ереже бұзушылықтар мен рұқсат етілмеген құрылғылар анықталған жағдайда талапкердің тестілеу қорытындылары жойылады. Осыған байланысты Агенттік оқушыларды тек өз білімдеріне ғана сүйене отырып, тест тапсыруға шақырады, ал ата-аналарды тестілеу қорытындысы бойынша оң баға алу мақсатында пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік және бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.