Аталған шараға аудан әкімі Серік Зайнулдин, кәсіпкерлер мен ардагерлер қатысы. Болашақ зауыттың қазығы қағылды.
Білетіндердің айтуына қарағанда, бұл жерде бұрын артезиан құдығы болған көрінеді. Алайда кейінірек құдықтың көзі жабылып тоқтап қалған.
"ARNNA MINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жердегі су қорын және оның сапасын анықтап, құдық орнына суды өңдеуден өткізіп, ыдыстарға құйып шығаратын зауыт салуды ұйғарған. Аудан әкімдігінің көмегімен бұл іске инвестициялық қаржы тарта білген.
Айта кету керек, аталған шара Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің осы қызметке кіріскеніне жүз күн толуымен тұспа тұс келіп отыр. Бұрын да бірнеше ауданды басқарып, кәсіпкерлікті дамытуымен көзге түскен тәжірибелі әкім келгелі ауданда осындай бизнестік жобалар қолға алына бастаған.