Қазақстан • 28 Маусым, 2020

Анталияға саяхаттауға барған 4 қазақстандық коронавирус жұқтырды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзаққа созылған карантиннен соң алғашқы қазақстандық рейс Алматыдан Анталияға ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Анталияға саяхаттауға барған 4 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Белгілі болғандай, төрт жолаушы да коронавирус инфекциясын жұқтырған. Қазір олар Анталия қалалық ауруханасында ем-дом қабылдап жатыр. Ал қалған жолаушылар оқшауланды.

 

Қуанышымызға орай, Түркия билігі төтенше жағдайларға дайындалып, жергілікті клиникаларда да, қонақ үйлерде де шетелдік туристерді емдеуге арналған орындар бөліп қойған.

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы осындай пандемияның уақытында отандастарымызға саяхаттар алдында денсаулықтарына мән беруін сұрады. 

"Түркия жағалауына келгенде, қазақстандық туристердің температурасын өлшейді. Дене қызуы 37-38 градустан жоғары адамдар міндетті түрде коронавирус сынамасын тапсырады. Әрі қарай диагнозы расталса, олар ауруханаға жатқызылады, не болмаса жағдайы қанағаттанарлық болған жағдайда оқшаулануға жіберіледі. 

Ауруханалар жеткілікті, олардың 18-і Анталияда, бірақ сіздер мұқият болып, денсаулығыңызды бақылауыңыз керек", деді Абзал Сапарбекұлы.