Әлем • 28 Маусым, 2020

Сирияға бір тәулікте 30-дан астам босқын қайта оралды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Сирияға Ливаннан 30-дан астам босқын қайта оралған еді. Бұл туралы РИА НОВОСТИ-ге сілтеме жасай отырып Egemen.kz жазады.

Сирияға бір тәулікте 30-дан астам босқын қайта оралды

"Өткен тәулікте Сирия Араб Республикасына Ливанның "Джейд Ябус" және "Тел-Кахла" өткізу бекеттері арқылы 35 босқын, оның ішінде 10 әйел және 18 балдырған) қайта оралды. Ал Иорданияның "Насиб" өткізу бекетінде босқындарды шығару жүзеге асырылған жоқ», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, төрт босқын бір тәуліктің ішінде тұрақты мекенжайына орналасып үлгерген. Бұдан бөлек, өткен тәулікте Ресей тарапынан Абу Сусада (Ракка провинциясына) мұқтаж жандарға арнайы гуманитарлық акция өткізілді. Акция барысында сириялықтарға жалпы салмағы 2,1 тоннадай 400 азық-түлік пакеті берілді.