Қоғам • 29 Маусым, 2020

Жансейіт Түймебаев БАҚ қызметкерлерін құттықтады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті журналистер!

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жансейіт Түймебаев БАҚ қызметкерлерін құттықтады

 

Тәуелсіздік шежіресіндегі тарихи сәттерді жан-жақты сараптап, халыққа шынайы ақпарат жеткізуде төртінші билік өкілдерінің үлесі зор.

 Ел өміріндегі саяси науқандарда белсенділік танытып, қоғамдық келісім мен ұлтаралық тұрақтылықтың сақталуына сіңірген ерен еңбектеріңізді арнайы атап өткім келеді.

Коронавирус індетіне қарсы жарияланған төтенше жағдай кезінде де ақпарат майданының алғы шебінен табылып, өз ісіне адалдық танытудың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер.

Мерейлі мерекеде ақпараттық қолдауыңыз үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ өмір және шығармашылық табыс тілеймін.

 

Құрметпен,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51