Қазақстан • 29 Маусым, 2020

Қазақстанда ажырасу саны артқан

696 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алдында 2025 жылға дейін жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тәсілдерді әзірлеу міндеті тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ведомство басшысы Аида Балаева мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда ажырасу саны артқан

2017 жылы 55 мың ажырасу (тіркелген некелер санының 39%), 2019 жылы шамамен 60 мың (43%). "2019 жылғы қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамасына сәйкес некені бұзудың негізгі себептері: туыстарының араласуы, ерлі-зайыптылар сатқындық, ойын ойнау, тұрмыстық зорлық-зомбылық және т.б. болып табылады.

А.Балаева атап өткендей, отбасылық жұптарға психологиялық және заңгерлік көмек көрсету мақсатында 2019 жылы 8 өңірде "Бақытты отбасы" отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдаудың 12 орталығы құрылды. Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін азайту мақсатында еліміздің 9 өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызметтер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ министр биылғы жылы отбасы институтын, репродуктивті денсаулықты нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды көздейтін 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру басталғанын айтты. Биылғы жылы отбасы институтын, репродуктивті денсаулықты нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды көздейтін 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру басталғанын хабарлады.