Парламент • 29 Маусым, 2020

Атырауда Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді

1193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау  облыстық аумақтық сайлау комиссиясы таратқан мәліметке сүйенсек, Сенат депутаты болу үшін 5 кандидат  бақ сынайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Сенат депутаттығына 5 кандидат тіркелді

"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС-нің басқарушы директоры-басқарма мүшесі, "Nur Otan" партиясының мүшесі, Атырау қаласының тұрғыны;

Смағұлов Серік Мұраденұлы, 1976 жылы туған, "АТМА-Атырау Әуежайы және тасымалдау" АҚ басқарма басшысының орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны;

Сейілханов Сағын Темірханұлы, 1962 жылы туған, "ҚТЖ" ҰК АҚ" – "Атырау магистральдық желі бөлімшесінің" бас инженері, Атырау қаласының тұрғыны;

Арыстан Серік Бисешұлы, 1965 жылы туған, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің департамент директоры, Атырау қаласының тұрғыны;

Қарабаева Айжан Сәрсенқызы, 1976 жылы туған, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры, Атырау қаласының тұрғыны" -деп хабарлады  Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.