Қоғам • 29 Маусым, 2020

Өңірлік жастар ресурстық орталықтарына арналған республикалық семинар өтті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымның 24-і мен 26-сы аралығында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аясында өңірлік жастар ресурстық орталықтарына арналған республикалық семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлік жастар ресурстық орталықтарына арналған республикалық семинар өтті

Онлайн форматта өткен семинар-тренингке Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардан 30-дан аса ресурстық орталықтардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Аталған шарада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет және "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев қатысушыларға лебіздерін білдіріп, семинардың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекеттік жастар саясаты мектебі – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқан бірлескен білім беру бағдарламасы.