Микеланджело Пистолетто бұл символдың идеясын соңғы он жыл барысында дамытуда. "Үшінші жұмақ" – бұл жасанды дүние және табиғат арасындағы өзара байланыс тепе-теңдігі түрінде іске асырылатын адамзаттың үшінші кезеңі, сонымен бірге адамзаттың тұрақты даму мақсаттарына жетуге деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл кезеңде алуан елдер мен әр адамның өміріндегі қайшылықтардың көпшілігі планетаның барлық тұрғындарының айырмашылықтарды жеңуге, тұрақты дамуға және бейбітшілікті нығайтуға күш салуы арқасында жойылуы мүмкін. "Үшінші жұмақ" тұжырымдамасының маңызды бөлігі – экологиялық ойлауды дамыту және антропоцентрлік санаға сын, ол сонымен бірге БҰҰ қызметінің негізгі идеялары мен бағыттарын көрсетеді.
Көркемөнер инсталляциясы Нұржол бульвары, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорда алдындағы амфитеатрда орналасады. "Үшінші жұмақ" жобалары осыған дейін Луврда (Париж), БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде, Еуропалық Одақ Кеңесінде, Миланда, Токиода және әлемнің көптеген басқа қалаларындағы көрмелерінде жүзеге асырылған.
COVID-19 індетінің жаппай таралуы кезінде "Үшінші жұмақ" қала тұрғындарына қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды тұтынуға ұмтылудың маңыздылығын көрсететін ескерткіш іспеттес.