Спорт • 29 Маусым, 2020

"Ертіс" хоккей клубының жабылуы туралы ақпарат жалған

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев аталған жарияланымға қатысты өз ұстанымын жеткізіп, Милан Милановичтің пікірі шындықтан алшақ екендігін мәлімдеді.

"Ертіс" хоккей клубының жабылуы туралы ақпарат жалған

"Ertis ФК бас бапкері өз сөзін эмоцияға беріліп айтқан шығар", - дейді Марат Айдашев.

Алайда, ол шындыққа жанаспайды. Коронавирус пандемиясына байланысты хоккейшілер маусымы мерзімінен бұрын аяқталды. Сондықтан барлық ойыншылармен есеп айырыстық, жағдай қалыпты. 1 тамызда жаңа маусымға әзірлікті бастаймыз.

"Ертіс" ХК жаңа бас бапкер тағайындалды. Команданың бұрынғы капитаны болған Сергей Мирошниченко команда құрамын жасақтауға кірісті. "Мұнайшы" жастар командасы да ҚР чемпионатындағы жарысты жалғастырады. Балалардың жаттығулары да тоқтамайды.

"Ертіс" волейболшылары мен баскетболшылары да жаттығуларын жалғастыруда. Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы айтқандай, келер маусымның басталатын уақыты жарияланғаннан соң бұл спортшылар әзірлікті күшейтпек.

Ertis футбол клубына келсек, онда салықтық тексерістер жалғасуда.