Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында IT саласы бойынша министрліктің алдында тұрған міндеттерді айтып берді.

А. Аймағамбетов атап өткендей, қазіргі таңда адами капитал кез келген мемлекеттің бәсекелестігінің басты факторына айналды. Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында болашақта 10 жұмыс орнының 9-ы сандық дағдыларды талап ететіні атап өтілді. 2030 жылға қарай әлем бойынша кем дегенде 1 млрд адамды қайта оқыту қажет.
Өз кезегінде, McKinsey болжамдарына сәйкес, 2030 жылға қарай цифрлық дағдыларға деген қажеттілік кемінде 55%-ға өседі. ЭЫДҰ баяндамасында жұмыс орындарының 32%-дан астамы цифрландыру нәтижесінде түбегейлі өзгертілетін болады деген болжам келтірілген. Бұл ретте компьютерлік сауаттылық туралы ғана емес, сонымен қатар алдыңғы қатарлы цифрлық құзыреттер туралы да айтылып отыр.
Министрдің айтуынша, бірнеше жыл бойы Қазақстан білім беру саласындағы халықаралық зерттеулерге қатысты, онда елдегі «гаджеттеудің» жоғары деңгейі цифрлық дағдылардың жоғары деңгейіне айтарлықтай әсер етпейтіні анықталды.
ICILS зерттеуіне сәйкес, 14 жастағы оқушылардың 54%-дан астамында цифрлық сауаттылық деңгейі төмен. PIААС зерттеуіне сәйкес, 6-дан 34 жасқа дейінгі 5 азамат қана жақсы цифрлық дағдыларға ие.
Дегенмен, А. Аймағамбетов атап өткендей, цифрлық экономика үшін қажетті адами капитал тек осы цифрлық құзыретті талап етпейді.
"Цифрлық құзыреттілікке қосымша, адам капиталы үшін функционалдық сауаттылық, сыни ойлау, креативтілік, оқу және талдау қабілеті болып табылатын soft skills дамыту қажет. Бұл бағыттағы басты қадамдарды біз бастадық", — деді білім және ғылым министрі.
2016 жылдан бастап мектептерде функционалдық сауаттылықты дамытуды қарастыратын жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Келесі оқу жылында мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі аяқталады.
Келесі қадам — білім берудің барлық деңгейлерінде цифрлық құзыреттерді енгізу болады.
Министрліктің алдында әлемдік стандарттарға сәйкес АT саласының мамандарын даярлау, цифрлық құрауышты қамти отырып, басқа салалардың мамандарын оқыту және қайта даярлау және барлық азаматтарға базалық цифрлық сауат беру секілді міндеттер тұр.
"Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз “Цифрлық білім беру” ауқымды жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз. Жоба үш негізгі бағытты қамтиды. Бұл – базалық цифрлық құзыреттер, мамандандырылған АT-кадрларды және басқа салалардың қызметкерлерін АT құзыретімен үйлестіре отырып дайындау. Осы жобаның нәтижесінде терең АТ білімі бар жаңа мамандар шығарылады", — деді А. Аймағамбетов.
Аталған жоба аясында жыл сайын 400 мыңнан астам «цифрлық құзырет» кадрлары шығарылады. Осылайша, 2030 жылға қарай барлық деңгейдегі оқу орындары жаңа формациядағы 3 млн-нан астам маман даярлайтын болады.
Министрдің айтуынша, орта білім беруде 2013 жылға дейін ақпараттық технологиялар пәні 7-сыныптан басталып, ескірген мазмұннан құралды, кейін 5-сыныпқа қосылды. Бұл бағдарламаларда көбінесе компьютерді пайдалану, кеңсе қосымшаларын меңгеру қарапайым дағдылар мен жаңартуларды талап етті. Сондықтан енді 2021 жылдан бастап цифрлық сауаттылық пәні 1 сыныптан бастап енгізіледі. Балалар алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті үйренеді, 3 сыныптан бастап — Scratch кодтау тілін, STEM, 3D-принтинг, роботты техника негіздерін үйренеді.
Сонымен қатар IOS, Android операциялық жүйелері, сондай-ақ Рython, С++ бағдарламалау тілдері оқытылады. Ол үшін еліміздің облыс орталықтарында 25 жаңа арнайы АT-лицей ашылды, 447 STEM зертханасы және 2 мыңға жуық роботты техника кабинеті ашылды.
Сондай-ақ оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен роботты техника кабинеттері ашылды.
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар