Қазақстан • 30 Маусым, 2020

Әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келді - Алексей Цой

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Әрбір отбасы вируспен бетпе-бет келді - Алексей Цой

"Қазіргі таңда елдегі жағдай "инфекцияның үйде таралуы" деңгейіне өтті. Вирус халық арасында таралып жатыр. Өкінішке орай, әрбір отбасы осы вируспен бетпе-бет келді деп айтуға болады", деді министр.

Оның айтуынша, COVID-19 инфекциясының таралуы күн сайын артып келеді. 30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған.

"Соңғы кездері медициналық орталықтар үздіксіз жұмыс істеп жатыр, медицина қызметкерлері де науқастармен үнемі байланыста болғандықтан, өздері де ауырып қалып жатыр. Бұл кадр тапшылығына әкеліп соғуда. Бірақ, қажетті құралдар жеткілікті, соның негізінде жұмыс істеліп жатыр", деді А. Цой.