Аймақтар • 30 Маусым, 2020

Алматы облысында жоғалған жасөспірім табылды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында үш күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім аман табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жоғалған жасөспірім табылды

28 маусым күні сағат 15.45-те Іле ауданының кезекші бөліміне арыз келіп түскен. Арызда 42 жастағы Көктерек аулының тұрғыны, 10 сынып оқитын, 16 жастағы баласының үшті-күйлі жоғалып кеткені туралы баяндайды. Сол күннен бері бала туралы әкесі еш хабар ала алмаған. Полиция өкілдері дереу іздеу жұмыстарына кіріседі.

Іздеу барасында жасөспірімнің жақын достарынан, ауылдағы тұрғындардан және туыстарынан сұрастыра келіп, оның көрші ауылдағы құрылыста жұмыс істеп жүргені анықталды. Аталған жайтта бозбала анасының ұялы телефонына хабарлама жібергендігі, бұл туралы әкесінің хабарсыз екендігі айтылды. Орын алған жағдайдан кейін тәртіп сақшылары ата-анасына және балаға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00