Әлем • 30 Маусым, 2020

Италияда аюды өлім жазасына кесті

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Gearjunkie агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада Италияның солтүстік аймағында серуендеп жүрген екі туристке аю шабуылдаған , -  деп хабарлайды Egemen.kz

Италияда аюды өлім жазасына кесті

Бастапқыда аю балаға қарай жүгіріп, соңнан әкесіне шабуылдамақ болыпты. Ебін тауып туристер ұзаққа қашып кеткен.

Осы оқиғадан кейін Трентино провинциясының губернаторы Маурицио Фугатти саяхатшыларға шабуыл жасағаны үшін аюды жазалау туралы жарлыққа қол қояды.

Ал дәл осы күндері жергілікті Жануарларды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік қор тарапынан жарлыққа байланысты қызу пікірталас болып жатыр. Көпшілігі аюды өлім жазасына кесу туралы петицияға наразылық білдірген.

Жазалау мерзімі әлі белгіленбегендіктен,Италияның Қоршаған орта министрі  губернатордан жануарды өлтірмеуді сұрады.

Сондай-ақ министр: "Жануар туралы толық ғылыми ақпарат дайындап, аюды өлім жазасына кеспейтіндей шешім шығара аламыз", - деп мәлімдеме жасады.