Руханият • 30 Маусым, 2020

Павлодарда "Ұлттық домбыра күніне" орай қазақ күйлері шырқалды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Ұлттық домбыра күнінің" қарсаңында Павлодар облыстық  Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінің кіреберісінде қазақ күйлері шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда "Ұлттық домбыра күніне" орай қазақ күйлері шырқалды

Ұйымдастырылған іс-шараға музей қызметкерлері белсене атсалысып, халық аспабының эскизін қабырғаға орнатып, қазақ композиторларының күйлерін әуенге қосты. Майра Шамсутдинованың бірегей туындысынан тыңдарман қауым құлақ құрышын қандырды.

Музей қорында тек 20 түрлі домбыра сақталған. Барлық бірегей экспонаттарды Ертістің белгілі ақындары мен композиторларының туыстары музей қорына тапсырды. Олардың арасында атақты әнші Байғабыл Жылқыбаев пен дарынды қазақ актері әрі режиссер Қаукен Кенжетаевтың домбырасы да бар.

Пандемия жағдайына байланысты мұражай бірнеше ай бойы онлайн режімде жұмыс істейді. Өткізілген іс-шараларды әлеуметтік желілерде көре алады.

Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінің қызметкері Амангелді Егінбай: "Бізде онлайн іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған Ертіс өңірі композиторларының үздік шығармаларының топтамасы енгізілген. Бұл − талантты жерлестеріміздің әндері мен күйлерін тыңдайтын онлайн-көрме. Біз індет кезінде тұрғындарды мәдени құндылықтардан ада тұтпай, керісінше адам мен күй жанын жақындастыра түсу. Сондықтан біз үшін бұл маңызды жұмыс", дейді ол.