Қазақстан • 30 Маусым, 2020

"Dolce-Pharm" түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады

1036 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Dolce (зауыт) және Dolce-Pharm (дистрибуциямен айналысатын сауда-коммерциялық бөлімше) компанияларының фармацевтикалық өндірістік-коммерциялық бірлестігі бір реттік медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды шығаратын ірі қазақстандық өндіруші болып табылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

"Dolce-Pharm" түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады

Кәсіпорын 1998 жылы құрылды және 22 жыл ішінде бір рет қолданылатын ММБ өндіру саласында ұлттық көшбасшы атанды. Бүгінде компания түрлі медициналық өнімдердің 200-ге жуық түрін шығарады. Өндірістік кешен Алматы облысында, Ынтымақ ауылында орналасқан, онда 450 адам еңбек етеді.

Зауытта 6 өндірістік цех бар: стерильді және стерильді емес қолғаптар өндіру цехы; "Ультра-Адсорб" сауда маркасымен белсендірілген көмір өндіру цехы; медициналық мақсаттағы бұйымдар (халаттар, бетперделер, қалпақтар, жиынтықтар) өндірісі; төртінші цех мақта мен пластикадан жасалған бұйымдар өндіруге дайындалған; этилен оксидімен стерильдеу цехы және пластиктен жасалған бұйымдар (кесек айна, Эйер шпатель, Фолькман қасығы) өндірісі цехы. Биыл кәсіпорын шығарылатын бетперделер қатарын кеңейтті және гинекологиялық айналар, маска-респираторлар, фиш-маскалар, СИ-маскалар және балаларға арналған "баттерфляй" маскалары, сондай-ақ суретпен безендірілген бетперделерді шығара бастады.

Dolce-бұл автоматтандырылған желілерде импорттық шикізаттан жасалған бұйымдарды өндірудің толық циклі жүзеге асырылатын озық қазақстандық кәсіпорын. Отандық кәсіпорынның өндірістік қуаты вирустық инфекциялардың маусымдық өршуіне тез әрекет етіп, Қазақстан Республикасы емдеу мекемелерінің сұраныстарын қамтамасыз етуге, "СҚ-Фармация" ЖШС-мен ұзақ мерзімді шарт бойынша ММБ және ДЗ жеткізуге мемлекеттік тапсырысты орындай алады. 2011 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және ММС шеңберінде СҚ-Фармацияның бірыңғай дистрибьюторымен келісімшарт жасалды, ол бойынша өнім жеткізу 2012 жылдан бастап жүргізілуде. Келісім-шарт аясында ағымдағы жылы 11 млн. медициналық масканы жеткізу көзделген, оның 2 млн.300 мыңы қойылған. Сонымен қатар, СҚ-Фармация қосымша 1,3 млн.респиратор және 4 млн. бетперде қоюды сұрайды.

Бүгінде қорғаныс бетперделері жоғары сұранысқа ие. Dolce-Pharm тоқылмаған материалдардан түрлі бетперделер шығарады. ⠀ Мысалы, көмір сүзгісі бар қорғаныш маскаларда талшықты белсендірілген көмірден тұратын бірегей сүзгі материалы қолданылады. Бұл сүзгі материалының технологиялық ерекшелігі 99,5% таза көміртекті қамтиды және зиянды бөлшектерді сіңіре алады. Мұндай материалдың бір граммы 200 мг зиянды заттарды ұстауға қабілетті. ⠀ Көмір сүзгісі бар бетперделер сүзгіш элемент арқылы зиянды бөлшектер, молекулалар мен вирустардың енуіне жол бермейді. Сүзу тиімділігі тіпті 0,01 мкм 99,9% - ға дейін. ⠀Көмір маскасының әдеттегіден айырмашылығы, адамды 4 сағат бойы қорғайды және онда тыныс алу оңай.

Бір реттік бетперделер 3 қабаттан тұрады. 1-ші қабат: тоқылмаған материал (PP Nonwoven); 2-ші қабат: мельтблаун сүзгісі (Melt-Blown Filter); 3-ші қабат: тоқылмаған материал (PP Nonwoven). Мұрын фиксаторы: темір сыммен икемді пластикалық фиксатор. Бетперде күрделі технологиясының арқасында қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Fish-Type Dolce-Pharm бетперде респираторлары кию кезінде өте ыңғайлы. Бетперденің қабаттары қатты ультрадыбыстық төсеммен қосылған. Жоғарғы және төменгі қабаты жоғары сапалы мата емес материалдан жасалған, ішінде FFP3 мельтблаун сүзгісі мен сұйықтыққа қарсы қабаты бар. Респираторда клапанның болуы тыныс алуды жеңілдетеді және пайдалану мерзімін арттырады.
Сонымен қатар, компания өз өнімдерін Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресейге экспорттауды дамытуда. Алдағы уақытта шикізат жеткізуді қамтамасыз ету шартымен Қытаймен ынтымақтастық орнату көзделген.