Үкімет • 30 Маусым, 2020

Руслан Дәленов тексерудің орнына диагностикалауды ұсынды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Екі реттеудің орнына бір реттеу" қағидатын енгізу ұсынылады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі LS ақпаратына сілтеме жасап.

Руслан Дәленов тексерудің орнына диагностикалауды ұсынды

Сөйтіп Қазақстанда бизнесті тексерудің орнына, жауапқа тартпай-ақ диагностиканы енгізу ұсынылған.

"Артық талаптарды азайту үшін кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастықтардың шағымдары бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз актілерін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез жойылып, түзетілуі мүмкін", - деді Р. Дәленов.

Сондай-ақ "екеуінің орнына бір реттеу" қағидатын енгізу ұсынылады.

"Бұған қолданыстағы екеуінің орнына жаңа реттеу құралын енгізу кіреді. Бұл бизнеске ауыртпалықты азайтады. Лицензиялар мен рұқсаттарды оңтайландыру жоспарлануда", - деді министр.

Сонымен қатар, жоспарлы тексерулерге балама ретінде кәсіпорынды диагностикалауға көшу болады, деді ол.

"Мұндай бизнесті диагностикалау есеп берушіліксіз жүзеге асырылады және жоспарлы тексерістерді азайтады. Қызметтерді цифрландыру аясында бизнеске барлық қызметтерді электронды түрде толық қамту ұсынылады. Кәсіпкерлікті қаржыландырудың қол жетімділігін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады", - деп қорытындылады Даленов.