Тобыл өңірінде соңғы бір аптаның ішінде COVID-19 жұқтырған 173 адам анықталып, науқас саны 500-ге бір-ақ жетті. Мұның сыртында, 389 тұрғын індеттің клиникалық көрсеткіші жоқ түрін жұқтырып, вирус тасымалдаушы деп танылып отыр. Ресми дерек бойынша індет ең көп тараған Қостанай қаласында – 177, Жітіқарада 157 жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында Рудный, Тобыл және Арқалық қаласы тұр.

Қауіпті індет ауылдық елді мекендерге де көшіп жатыр. Өңірлік жедел ақпарат штабы берген соңғы мәліметте COVID-19 жұқтырған 27 науқастың Қарабалық, Ұзынкөл және Қостанай аудандарының тұрғындары екені айтылған. Бұған дейін бейқамдыққа бой алдырып келген жұрт індетке қарсы жаппай жасалып жатқан амалдың аса маңызды екенін енді ғана түсіне бастағандай. Өйткені екінің бірінің жақын туысы, танысы, әріптесі «жаман тұмау» жұқтырыпты деген жаманат хабар желдей есіп тұр.
Аймақтағы күрделі ахуалға байланысты ауруханаларды жедел түрде жаңа медициналық құрылғылармен жабдықтау шаралары қолға алынып, бұл мақсатқа бюджетттен 2 млрд теңге қаржы бөлінді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанованың айтуынша, емдеу мекемелері үшін бүгінге дейін төсек алдына қойылатын 60 монитор, 40 жасанды демалдыру құрылғысы, 20 ларингоскоп, 20 дефибриллятор, 3 қандағы газ құрамына талдау жүргізетін аппарат, 170 термометр, 11 мың қорғаныш костюмі, 3,5 мың қорғаныш көзілдірігі, 800 дезинфекция құралы мен 10 мың бетперде сатып алу туралы келісімшарт жасалған. Бұл құрылғылардың біразын қазір қалалық және аудандық ауруханалар пайдаға асырып жатыр.
– Қазір коронавируске қарсы қосымша емдеу орындарын көбейтуді қолға алып жатырмыз. Бүгінде облыста індет жұқтырған науқастарға, олармен байланыста болғандарға және коронавируске ұқсас ауру белгісі бар адамдарға арналған 1488 төсек-орын бар. Инфекциялық стационарларда COVID-19 жұқтырған 474 орын бар еді. Кеше ғана 250 орындық жаңа емдеу мекемесін жабдықтадық. Мен облыс тұрғындарын сабыр сақтауға шақырамын. Қазір облыс дәрігерлері күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Бастысы, бас санитарлық дәрігердің нұсқауын орындау арқылы бізге көп көмек тигізетіндеріңізді түсініңіздер. Жасырын жиын өткізуді, қонаққа баруды, қонақ шақыруды қою керек. Үйден беталбаты шықпаңыздар. Жақындарыңызды, туыс-туғандарыңызды қорғаңыздар, – деді А.Бексұлтанова.
29 маусым күні түс ауа облыс орталығындағы қалалық аурухана суық тиген, тұмау жұқтырған және өкпесі қабынған адамдардан басқа науқастарды қабылдауын тоқтатып, 250 орындық провизорлық стационар қызметін атқара бастады. Денсаулық сақтау басқармасы арнайы бұйрық шығарып, басқа емханалардағы дәрігерлер мен медбикелерді осы жерге қосымша жұмылдырды. Қазір бұл ауруханадағы салалық дәрігерлердің бәрі провизорлық науқастарды қабылдап, тек соларды емдеумен айналысып жатыр.
Дәрігерлердің пікірінше, соңғы кездегі ахуал аймақта карантин шараларын қатайтуды қажет етеді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте коронавирус пандемиясының ұзақ мерзіміне дайындықты бастауды жүктеді. Мұның сыртында, зертханалық зерттеулердің тиімділігін, ПТР зертханаларының саны мен қуатын арттыруды тапсырды. Осы орайда, Үкіметке халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін бес күн ішінде шешуді, ал екі күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеу керектігін де қадап тапсырды. Президенттің әсіресе карантин шараларын күшейту туралы ойымен біз де толық келісеміз. Өйткені тұрғындардың сақтық шараларына бейжай қарауының салдарынан қауіпті дерт дендеп барады. Қазірдің өзінде облыста ауруды жұқтырғандар саны 500-ге жетіп отыр. Мұның бәрі сақтық шараларына немқұрайлылық танытқанның кесірі, – деді облыстық аурухананың кардиология бөлімінің меңгерушісі Әбунасыр Суханов.
Бүгінге дейін облыста 232 науқас індеттен айығып, 3 адам көз жұмған.
Қостанай облысы
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар