Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшылары мен ведомство жетекшілеріне сөгіс жариялап, ескерту бергені белгілі. Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте сөгіс алған әкімдердің қатарында тағайындалғанына алты айдай уақыт болған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та бар.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 740 адам анықталған, 370 адам індеттен жазылды. Қазір барлық емхана мен аурухана, жедел жәрдем стансасы қалыпты режімде жұмыс істеуде. Соңғы күндері науқастанған 30 адам облыс орталығынан болса, 1 адам – Екібастұз қаласының тұрғыны. Науқастар қалалық инфекциялық ауруханаларға жатқызылған, жағдайлары қалыпты, хаттамаға сәйкес ем тағайындалды, байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.
Ал аудандардағы емдеу орындарында 2 мың адам орналастырылған. Қосымша орындар аудандық орталық ауруханаларда ашылды. Өткен тәулікте өңірлік стационарларға 531 адам медициналық көмекке жүгінді. 285 пациентте пневмония, 180 адамда ЖРВИ анықталған. Барлығы 1429 адам пневмония және 196 адам ЖРВИ диагнозымен жатыр. Аудандық ауруханаларда медициналық персоналға жүктеме аз болғандықтан, кадрлар тарту бойынша тиісті шаралар қабылданды. Жергілікті бюджет есебінен қосымша қонақүйлерде тамақтану және тұру үшін тиісті қаражат бөлінді.
Пандемия басталған сәтте Павлодар қалалық №3 ауруханасында уақытша қарау мекемесі ретінде 385 орын ашылды. Сондай-ақ кардиоорталық ғимаратында 135 орын ашылды. Г.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 282 орын дайындалды. Кеше қалалық №1 ауруханада қосымша 200 уақытша қарау орны әзірленді. Дәрілердің қай дәріханаларда бар екені жөніндегі ақпарат қалалық әкімдіктің Instagram парақшасында жарияланады.
– Қосымша орындар ашу арқылы провизорлық төсек саны 1232-ден 1672-ге дейін өсті. Егер бұрын симптомдары коронавирус инфекциясын жоққа шығармайтын барлық пациент Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы провизорлық стационарларға жатқызылса, енді ауыл тұрғындары COVID-19 күдігі болған жағдайда орталық аудандық ауруханаларға орналасады. Әр ауданда провизорлық төсек-орындар ашылды немесе провизорлық карантиндік төсек-орын ретінде қайта бейімделді. Мысалы, Шарбақты аудандық ауруханасында 100 төсек-орын ашылды. Тағы бір 160 орындық провизорлық госпиталь балалардың туберкулезге қарсы шипажайында дайындалды.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңір тұрғындарына жеке парақшасында жиі үндеу жариялап, карантин шараларын берік ұстануға және дәрігерлерді қолдауға шақырады. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығымен және ауруханалардың бас дәрігерлерімен онлайн режімде эпидемиялық жағдайды талқылап, қажетті шаралар жоспарын қабылдады.
«Әрқайсымыз себепсіз далаға шыға бермей, адамдар көп шоғырланған жерден аулақ болып, барлық қауіпсіздік шараларын ұстанатын болсақ, аурудың таралуын бәсеңдетеміз. Үйде қалған бір күн сізді ауруханадағы екі аптадан сақтай алады. Карантинді күшейту – бұл қажетті шара. Карантинді күшейту адамдардың көптеп жиналуын болдырмаудың жалғыз жолы болып көрінеді. Карантин шараларын адамдар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамай, барлығына түсінушілік танытқан жағдайда ғана тоқтатуға болады», деді облыс әкімі Ә.Сқақов.
Павлодар облысы
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар