Бүгін, яғни 1 шілдеде Ресейде 25 маусымда басталған Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум аяқталады. Мемлекет басшысы Владимир Путин 22 сәуірге белгіленген дауыс беруді пандемияға байланысты кейінге қалдырған болатын. Конституцияға енгізілетін түзетулерде президент өкілеттігін ұзарту да қарастырылған.

Президент өкілеттігін ұзарту бойынша ұсынысты биыл 10 наурызда Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Валентина Терешкова ортаға салды. Қазіргі заңға сәйкес, президенттің 2024 жылдан кейін мемлекет басшысы болып қайта сайлануға мүмкіндігі жоқ. Депутат В.Терешкова өз ұсынысын дәл қазіргі уақытта елде тұрақтылықты сақтап қалу маңыздылығымен байланыстырды. РФ Конституциялық соты бұл түзетуді дұрыс деп қабылдады.
Бүгінгі өтетін референдумда ресейліктерге тек бір сұрақ қойылмақ. «Ел Конституциясына өзгертулер енгізуге келісіміңізді бересіз бе?» деген сауалға азаматтар «иә» не «жоқ» деп қана жауап бермек. Мәскеу мен Нижегород облыстарының тұрғындары ғана электронды дауыс беруде.
27 маусымдағы алдын ала нәтиже бойынша, электронды дауыс берушілердің 70,25 пайызы науқанға қатысқан. Бұл дегеніміз, 836 474 азамат өзінің онлайн дауыс беру құқығын қолданған. Екі облыс бойынша электронды дауыс беруге 1 190 726 адам тіркелген. Ал дауыс берудің алғашқы күні халықтың 9,2 пайызы белсенділік танытқан.
Тәртіп бұзушылық та жоқ емес. Сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова азаматтардың дауыс беруге мәжбүрленгені туралы шағымдар түскенін хабарлады. «Кеше 105 шағым түссе, бүгін 113 адам күшпен дауыс беруге мәжбүр болғанын хабарлады», деді. Сонымен қатар шағымданушылардың кейбірі нақты жауап таңдауға қатысты да қысым көргенін айтқан.
Референдум нәтижесінде негізгі заңдағы 22 бап өзгермек. Баптарды Мемдума, Федерация кеңесі, Конституциялық сот пен аймақтар парламенттері талқылап, келісімін берді. Қазіргі заңға сәйкес, Ресей президенті жоғарғы мемлекеттік қызметке үшінші рет сайлана алмайды. Ал халық өзгерістерге келісім берсе, Владимир Путиннің бұған дейінгі президенттігі есепке алынбай, оған 2024, 2030 жылдары қайта сайлануға мүмкіндік бермек. Осылайша мемлекет басшысы 2036 жылға дейін билік басында қала алады. Одан бөлек жаңа заң бойынша, отбасы – ер мен әйелдің одағы деп қарастырылмақ. Ресейді КСРО-ның жалғасы ретінде қарастыру да ұсынылған өзгерістер қатарында. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жаңа тәртіп қарастырылып отыр. Атап айтар болсақ, аймақтар мен федералдық ведомство басшылығына тек 30 жасқа толған азамат тағайындалып, шетелде есепшоты және сол жақта тұруға уақытша рұқсаты болмау керек.
Президенттікке үміткерге қатысты талаптар да күшейтілмек. Атап айтар болсақ, үміткер Ресей территориясында 25 жыл тұруы керек, оған қоса ешқашан басқа елде азаматтығы, уақытша тұруға рұқсаты болмау талабы да заңмен бекітілмек.
Елдегі оппозиция мен оның жақтастары президентті бұған келісім бергеніне айыптауда. Одан бөлек өзгерістер халықаралық сот пен Адам құқықтары бойынша Еуропа сотының шешімін орындамау мүмкіндігін қарастырып отыр. «Құқық арқылы демократия үшін» Еуропа комиссиясы мұның салдарынан елдегі Конституциялық соттың саяси қысымға ұшырайтынын айтуда.
Кейбір ресейлік депутаттар да өзгерістерге қарсылығын білдіріп ашық хат жолдады. Мәскеу облысының Тимирязев ауданының муниципалды депутаты Юлия Галямина аталған өзгеріс Путиннің шексіз билігіне әкеледі деп наразылығын білдіріп, қол жинады. Бір күннің ішінде аймақтық парламенттерден 250-ден астам қол қойылды.
Осы орайда Қазақстанның Байқоңыр қаласында да дауыс беру өтіп жатыр. Аймақта 7 дауыс беру комиссиясы жұмыс істеуде. Ресми мәлімет бойынша, Байқоңыр қаласында 13 мың Ресей Федерациясының азаматы тұрады.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар