Футбол • 01 Шілде, 2020

Месси «Алтын доптан» тыс қалуы мүмкін

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Goal басылымы жуырда әлемнің ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткер футболшылардың есімін атады. Бір қызығы ТОП-3 футболшының қатарында алты дүркін «Алтын доп» иегері аргентиналық Мессидің аты аталмаған.

Месси «Алтын доптан» тыс қалуы мүмкін

Басылымның жазуынша, үздіктер кө­шін осы маусымда «Бавариямен» бірге Гер­мания чемпионатында бас жүлдені ол­жа­лаған польшалық шабуылшы Роберт Левандовский бастап тұр. Сонымен қатар ол биыл Бундеслиганың үздік сұрмергені атанды. Екінші орында «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду тұр. Ал үздік үштікті «Манчестер Сити» коман­дасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне қорытындылады.

Ал Goal басылымының нұсқасы бо­йын­ша «Алтын допқа» үмітті қалған футбол­шылардың реттік тізімі мынадай: Лионель Месси («Барселона»), Томас Мюллер («Бавария»), Карим Бензема («Реал»), Неймар (ПСЖ), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д), Килиан Мбаппе (ПСЖ) және Джейдон Санчо («Боруссия» Д).

Айта кетейік, былтыр «Алтын допты» Лионель Месси жеңіп алған болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025