Спорт • 01 Шілде, 2020

Оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 1 шілдеден бастап барлық құ­рама командалардың оқу-жат­тығу жиын­дары тоқтатылғанын мәлімдейді.

Оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды

Мұндай шешім Қазақстанда коронавирус індетінің өршуіне және көптеген ірі халықаралық жарыстың кейінге шегерілуіне байланысты қабылданған. Қазіргі таңда барлық құраманың жаттығу жиыны тоқ­татылған. Ал алдын ала жоспарланып қой­ған жиындар өтпейді.

1-29 маусым аралығында 12 спорт­тық нысанда 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, оған барлығы 22 ұлт­тық құрама командасы қатысқан. ОЖЖ қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған спорт нысандарында кезең-кезеңімен өтті. Жиынның алдында спортшылар COVID-19 үшін міндетті тесті тапсырғанын да айта ке­тейік.