Әлем • 01 Шілде, 2020

Дональд Трамп туралы мемуарларды жариялауға тыйым салынды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Соты Дональд Трамп туралы жиен әпкесі Мэри Трамптың жазған естеліктерін жариялауға уақытша тыйым салды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ВВС News агенттігі мәлімдеген. 

Дональд Трамп туралы мемуарларды жариялауға тыйым салынды

Too much and Never Enough: How my Family created the world ' s Most Dangerous Man ("Тым көп және қашан да жеткіліксіз: Менің отбасым әлемдегі ең қауіпті адамды қалай жетілдірді?") кітабының жарыққа шығуы бастапқыда 28 шілдеде жоспарланған.

Нью-Йорк штатының Сот төрағасы Президенттің кіші ағасы Роберт Трамптың кітапта тыйым салынған ақпарат жариялағаны үшін, екіжақты келісімнің бұзылғанын мәлімдейді. Ал бұл шешімге Мэри Трэмптың адвокаттары дереу шағым түсірген. 

Мэри Трамп − президенттің үлкен ағасы, Фред Трамптың қызы. Ол 1981 жылы 42 жасында қайтыс болған.

Автор "көптеген мерекелік дастархан мен отбасылық іс-шаралардың тікелей куәгері бола тұра", осы ақпараттарды әдейі жариялаған", дейді Сот төрағасы.