Аймақтар • 01 Шілде, 2020

Сырдарияда “Жұмыспен қамту жол картасы” аясында 18 жоба іске асады

27 рет көрсетілді

Биыл Сырдария ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 жоба іске асады, - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, әлеуметтік-мәдени, білім,денсаулық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілері жаңғыртылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 1 860 322,5 мың теңге бөлінген.

Әлеуметтік-мәдени саладағы жобаларға 316 439,9 мың теңге қаржы қарастырылса, білім саласы жобаларына 145 480,0 мың теңге бөлінді. Мәселен, Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мектептің су құбыры мен канализацияның ішкі және сыртқы желілері ауыстырылып,Бесарық ауылындағы №147 орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша жоспарланған жобалардың жалпы құны 147 151,0 мың теңге құрайды. Биыл Тереңөзек кентіндегі аудандық орталық ауруханасының ішкі жылыту мен су құбыры, сыртқы сумен жабдықтау желілері жаңғыртылады деп жоспарлануда.

Жалпы, аудан бойынша 427 тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде, оның ішінде 215 азамат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қабылдануда.

Соңғы жаңалықтар

Қарасу ауданында 39 үйді су басты

Аймақтар • Бүгін, 17:12

Бүгін – экологиялық білім күні

Экология • Бүгін, 15:59

Түркістанға 3000 жыл

Руханият • Бүгін, 12:10

2002 адам коронавирустан емделіп шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:32

Сарыала қаздың қаңқылы естілді

Руханият • Бүгін, 08:51

Ұқсас жаңалықтар