Елорда • 01 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруларға арналған қосымша төсек-орындар ашылды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орындарды кеңейту бойынша жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатыр. Рамада Плаза ғимаратында қосымша 500 орын ашылады. Бірінші шілдеде 250 орын ашылды. Бұл туралы Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда инфекциялық ауруларға арналған қосымша төсек-орындар ашылды

Өткен аптада 800-ден астам төсек-орын ашылды. 600 орындық №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. Сонымен бірге ұлттық ғылыми медициналық орталық, Қорғаныс министрлігінің госпиталі және ҰОС клиникалық госпиталі базасында төсек-орындар құрылды.

Өкпені жасанды желдету аппараттарын, компьютерлік томография, оттегі концентраторларын, ПТР-тестілерді, дәрі-дәрмектерді және т. б. сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.