Аймақтар • 01 Шілде, 2020

ҰБТ: Павлодарда 60 оқушы 100-ден жоғары балл жинады

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы мектеп бітірушілері үшін биыл ҰБТ Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ҰБТ өткізу орны негізінде 8 лек ұйымдастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ҰБТ: Павлодарда 60 оқушы 100-ден жоғары балл жинады

Қалалық білім беру бөлімінің  мәлімдеуінше, 2020 жылғы 23-30 маусым аралығында Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінің 1150 түлектерінен ҰБТ-ға 933 (81%), 2019 жылы – 750 (74%) қатысқан. Оның ішінде қазақ тілінде – 378, 2019 жылы – 350.

"Қатысудың ең көп пайызын №7, 37, Кенжекөл ЖОМ – 100%, №35 – 98%, №14 – 96,2%, №20 – 95,7%, Бекхожин атындағы – 95%, №13 – 92,3%, №25 – 90,7% мектептер құрды", - дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. 
- ҰБТ-ға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайына байланысты ҰБТ-ға келмеген 4 түлек үшін  тест тапсыру үшін қосымша орын ұсынылды. Тестілеуді өткізу кезінде ережені бұзғаны және тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін қала мектептерінің 22 түлегі шығарылды.

Қала мектептерінің 60 түлегі 100 және одан да көп балл алды. Оның ішінде 6 түлек 125 және одан жоғары балл жинады. Ең жоғары баллға № 35 ЖОМ түлегі Айдос Қобыланды ие болды (140 баллдан 136 балл).

ҰБТ-ны өткізу кезінде тапсыру орнында калькуляторлар беру, тестілеу уақытын 4 сағатқа дейін ұлғайту (бұрын 3 сағат 50 минут болды), тұлғаны сәйкестендіру бет тану арқылы анықтады (Face ID), ҰБТ электрондық сертификатын және грант беру туралы электрондық куәлік беру, халықаралық стандартталған SAT, АСТ және ШИ тесттерінің балдарын ҰБТ балына ауыстыру сияқты жаңалықтар енгізілді.

"Шекті балл жинамаған түлектер жыл бойы ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ҰБТ-ны өткізудің бейнежазбасына сараптама жүргізіледі, тыйым салынған заттар табылған жағдайда ҰБТ нәтижелері, сондай-ақ білім беру гранты жойылады. ҰБТ өткізу пункттерінің алдында адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін тестілеу өткізудің онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілер арқылы жаңа жағдайда ҰБТ өткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мысалдары бар бейнероликтер таратылды", - дейді Балжан  Әділханова.