Көлеңкелі экономиканың соңына шам алып түсетін уақыт енді келген сияқты. Өйткені Қазақстанның офшорлық аймаққа жылыстап кеткен капиталының көлемі анау-мынау емес, тура 140 млрд АҚШ долларына жетіпті. Мұндай көлемдегі қаржыны елге қайтарар болсақ, пандемиядан есеңгіреп қалған экономиканы сауықтырып қана қоймай, ауыл шаруашылығында бірнеше өндірістік бағытты жолға қоюға болады.

Шетке капитал шығару қылмысқа жатпайды
Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепeчинаның айтуынша, шетелге шығарылған капиталдың көлемі туралы нақты деректі білу өте қиын екен. Себебі елімізде бұл бағытта бірыңғай мониторинг жүргізілмейді. Халық қалаулылары сондықтан халықаралық «Tax Justice Network» сарапшылық ұйымының қызметіне жүгінуге мәжбүр болған. Жоғарыда айтқан 140 млрд долларды анықтап беріп отырған осы ұйым. Ол ұйым әлемдегі барлық офшорлық аймақтардан тиісті ақпараттарға қол жеткізді деп ешкім кесіп айта алмайды. Былайша айтқанда, шетелде «бой тасалап» жүрген ақшаның көлемі қазіргі анықталған сомадан да әлдеқайда көп болуы әбден мүмкін. Бірақ осы анықталған ақшаның өзін елге қайтару бізге оңайға түспей тұр.
Сенатор ұсынған мәліметке қарағанда, 2015-2019 жылдары Қаржы министрлігіне қарасты Қаржылық мониторинг комитеті өндірісінде ұлттық және шетелдік валютаны елге қайтару талабын орындамау фактісіне қатысты 238 қылмыстық іс қаралса, соның тек үшеуі ғана сотқа жолданыпты. Қалғандары құқық бұзушылық белгілері болмауына байланысты тоқтатылған. Неге десеңіз, еліміздің қолданыстағы заң талаптары бойынша шетелге капитал шығару фактілері құқық бұзушылық ретінде сараланбайды екен. Жөн делік, ал енді сотқа жолданған 3 істің нәтижесі не болды? Ақша елге қайтарылды ма? Бұл сұрақтардың жауабын естігенде не күлерімізді, не жыларымызды білмедік. Істі айлап қараған сот ақырында ақшаны елге қайтару жөнінде ешқандай талап қоя алмағанға ұқсайды. Өйткені тағы да сол, Қылмыстық-процестік кодексте ақшаны қайтартуды міндеттейтін баптар қаралмаған. Бізде жалпы солай екен, былай жасайын десең, заңда қаралмаған болып шығады, мынадай шарт қояйын десең, заңда ондай талап жоқ (осы бізде заң жоқ болғандықтан да, заңсыздық көп-ау...). Бір сөзбен айтқанда бізде шетелге қаржы шығарудың көптеген заңды тәсілі бар да, заңсыз кетіп бара жатқан капиталға тосқауыл болатын заң жоқ. Осыдан кейін бізде офшорлық аймаққа апарып ақша жасыратындардың көпшілігі заң шығарушы органдарда отыр деп ойламай көріңіз...
Офшорлық аймақтар сенімнен айырыла бастады
Мақаланың басында көлеңкелі экономиканың соңына шам алып түсетін уақыттың енді келгенін айтқан едік. Себебі бүгінгі уақыт офшорлық аймақта долларлап ақша жасырғандардың ұрымтал жерінен соққы жасауға таптырмайтын кезең.
Біріншіден, әлемді қазір тұрақсыздық жайлап барады. Қазір бір нәрсеге сенім арту қиындады. Соның ішінде офшорлық аймақтардың да құпияға аса берік еместігі байқалып қалып жүр. Мәселен, ең бірінші 2016 жылы Панамадағы Mossask Fonsesa заңгерлік компаниясының бірқатар құжаттары журналистік зерттеу жүргізушілердің қолына түсіп, аты әлемге әйгілі біраз саясаткердің панамалық офшорлық шоттары батыстық БАҚ-та жарияланып кеткен еді. Іле-шала 2017 жылдың 6 желтоқсанында болған жалпыхалықтық телекөпір кезінде Елбасы бірқатар ұлттық компанияларға шетелдегі есепшоттарында ұстап отырған ақшаларын елге қайтаруларын талап етті. Сонда жұртшылықа 18 отандық компанияның 12,5 млрд доллар қаржысын шетелде ұстап отырғаны мәлім болып қалды. Елбасының табанды талап етуі арқасында бұл қаржының біраз бөлігі кейін шетелдегі офшорлық аймақтардан аударылған инвестиция түрінде елге қайтарылған болатын. Осы жиында «Шетте ұстап отырған ақшаларыңнан айырылып қалмаңдар, көрмей отырсыздар ма? Санкция жағдайында сіздерге ешкім көмектесе алмайды. Ақшаларыңды қайтарып, Қазақстанда ұстаңыздар. Қандай кепілдік керек, заң қажет пе, жарлық қажет пе, бәрін жасаймыз, деп турасын айтқан-ды. Бұл сөз шетелдік шоттарға ақша жасырған біраз адамның жүйкесіне салмақ түсіргені анық. Содан бері олардың жүйкелеріне түскен салмақ артпаса, кеміген жоқ.
Екіншіден, қазір көптеген ел құпия банктік есепшоттар, көлеңкелі капитал, офшорларға қарсы күресті бастап кетті. Мәселен, Ұлыбританияда қымбат жылжымайтын мүлікті иемденген шетелдіктерден оны қандай жолмен сатып алғанын, яғни жұмсаған қаражатты заңды жолмен тапқанын дәлелдеу талап етілетін болды.
Бұл аз десеңіз, әртүрлі елдің 300 экономисі ел басшыларына хат жазып, офшорлық аймақтардың қызметін тоқтатуды талап етіп жатқаны тағы бар. Олар мұндай аймақтар әлемде жемқорлықтың деңгейі артуына септеседі дейді (оған сөз бар ма?!).
Үшіншіден, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 мамырда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында «...ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциядан (офшорлық аймақтардан деп ұқсаңыз дұрыс болады) «Астана» халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстарын бастау қажет» деген еді. Бұдан соң, мамыр айының 29 жұлдызында Ольга Перепечина бастаған бір топ Парламент Сенатының депутаты офшорлық аймақтардағы ақшаны қайтару жөнінде Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Біле білсеңіз, мұның бәрі шетелдік шоттарында миллиондап ақша ұстап отырғандарға оңай тимейтін психологиялық соққылар. Қазір олардың күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырыла бастағаны кәміл. Жоғарыда айтып өткеніміздей, заңы дамыған шетелдерде де заңсыз ақша ұстау оңай болмайын деп тұр. Бір күні «мына ақшаны қандай жолымен таптыңыз, дәлелдеңіз» деп халықаралық сотқа шақырып тұрса, бәрі бір күнде құрымай ма? Жылдар бойы жинаған қаржысы (қандай жолмен тапса да) өзі түгілі еліне, халқына бір тиыны бұйырмай кетсе, бұл бармақ шайнатар үлкен өкініш болар еді.
Офшорда ақша ұстағандардан қазір осы себепті маза кете бастады. Оһ, бұл ақша дегеніңіз осылай ғой, барға бар болғаны үшін уайым, жоққа жоқ болғандықтан уайым. Енді Үкімет депутаттық сауалда айтылған заңнамаларды жетілдіру бағытындағы жұмыстарды қолға алып, шетелге ақша шығарушыларға заңдық талапты күшейтсе, бірқатарының көптен жұқарып жүрген жүйкесі сыр беріп, ақшаны елге қайтаруға өздері бел шешіп кірісіп кетер еді.
«Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш»
Қазақта «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген әдемі тәмсіл бар емес пе. Егер «Астана» халықаралық қаржы орталығында шетелден ақшасын қайтарғандарға арнайы заңдық жағдайлар жасалса қалай болар еді? Мысалы, ақшасын қайтарған адамды қылмыстық қудалаудан, түрлі жауапкершіліктен қорғау, сондай-ақ жазаға тартылмайтынына кепілдік беру деген сияқты. Шындығына келсек, біз осы айтылған жағдайларды «Астана» қаржы орталығындағы шетелдік инвесторларға онсыз да жасап жатырмыз. Бұған қоса, олар барлық салық түрінен босатылған. Мұндай жеңілдіктер болмаса, ақша-қаражатының қорғалатынына заң жүзінде кепілдік берілмесе, олар келмес те еді. Бұлардың арасында да ақшаны күмәнді жолмен тапқандар аз еместігі белгілі. Бірақ біз оны қазбаламаймыз, тексермейміз. Бізге ең бастысы, Қазақстан экономикасына қаржы құйса болғаны.
Енді осындай ұстанымды Қазақстанның шетелдегі офшорлық шот иелеріне де қолданған дұрыс. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғарыда тілге тиек болған жиында тұспалдап айтып өткен болатын. «Егер біздегі бірқатар құрылымдар қолдағы қаражатын шетелдік офшорлық аймақтарда ұстағанды тиімді санаса, біз қалай шетелдік инвесторлардың сенімінен шығамыз?» деген еді ол. Мұны дұрыстап тәржімелесеңіз,алдымен шетелдік офшорлық аймақта жүрген қазақстандық құрылымдарға жағдай жасайық, сонда шетелдіктер де көптеп келеді деген сөз ғой. Мемлекет басшысының өзі бұған баса мән берген екен, «Астана» қаржы орталығы нақты жоспар құрып, іске кірісуі тиіс.
Ашығын айту керек, Қазақстанда қолына қомақты ақша ұстағандардың бәрі көлеңкелі экономикадан табыс тапқандар емес. Арасында өзінің ірі бизнесімен ақша қорын жасап жатқандар да баршылық. Бірақ солардың көпшілігі өздерін өз елінде сенімді сезіне алмайды. Өздері сенімділікті сезінбегеннен кейін, ақшасын да ешкімге сеніп тапсыра алмайды. Өйткені бізде сыбайластық жемқорлық көп, жемқорлық болған соң заңсыздықтарға да жиі жол беріледі. Тіпті рейдерлікпен бизнесті тартып алу фактілері де кездесетінін жоққа шығара алмаймыз. Соның бәрі бізде ақшалы адамның өзін (негізінен ақшасын ғой әрине) қорғансыз сезінуге мәжбүрлейді. Сондықтан «Астана» халықаралық қаржы орталығында біздегі қалталыларға, шетелдегі қазақстандық офшорлық шот иелеріне айрықша қорғау кепілдігін беруі керек. Ол кепілдіктер орталықтағы халықаралық заңнама тұрғысынан расталу тиіс. Сонда ғана, қаржы орталығына құйылатын қаражат көлемі артады. Шетелдік шоттарда онсыз да әр нәрседен «шошынып» жатқан қазақстандық қаржыға қазір сәл желеу табылса болды, елге қарай ағылғалы тұр.
Көлеңкелі экономика арқылы болсын, басқалай жолмен ақша тапқандар өздерін ақтайтын жол тапса, яғни қолындағы қаржыларын ел экономикасына жұмыс жасату үшін құйса, олар да бір кездегі ел алдындағы айыбын жуып-шаяр еді. Игі мақсатқа жұмсалған ақша да күнінде арам жолмен табылса да, күнәдан «жуылады». Бастысы, қожасының ниеті дұрыс болса болғаны. Алдымызға өздері келсе, атамыздың құнын кешпей не көрініпті?!
Меңдолла ШАМҰРАТОВ,
журналист
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар