09 Сәуір, 2010

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ

846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірегей үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Оның жұмысына орталық атқару органдарының, Ұлттық банктің (Г.Марченко), ҚҚА-ның (Е.Бахмутова), “Самұрық-Қазына” қорының (Қ.Келімбетов), сондай-ақ Қазақстан Қаржыгерлері ас­социациясының (С.Аханов), Қа­зақстан Кәсіпкерлері форумының (Р.Баталов), “Атамекен” одағының (А.Перуашев), Қазақстан Респуб­ли­касы Сауда-экономикалық па­латасының (Е.Қожасбай), Қазақ­стан ұн тартушылар одағының (Н.Смағұлов), сол сияқты салалық және өңірлік бизнес қауым­дас­тықтардың басшылары қатысты. Кәсіпкерлік мәселелері жөнін­дегі үйлестіру кеңесі Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ын­ша Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, елді үдемелі ин­дустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын және “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын. Кеңес бұрын қалыптасқан қарым-қатынастар тетігін сақтап және сабақ­тастықты қамтамасыз ете отырып, дағда­рысқа қарсы кеңестің, әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі ко­миссияның және бизнесті жүргізу жөніндегі жұмыс тобының функ­цияларын өзіне біріктіріп отыр. Бірінші отырысқа қатысушы­лар үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын қолдады, сонымен бірге, оның қызметінің ұйымдық мәсе­лелерін талқылады. Оның сыртында “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарлама­сы­ның жобасы қаралып, талқылау барысында оны жүзеге асырудың ұсынылған кешенді шараларына бүтіндей алғанда қолдау білдірілді.