Экономика • 02 Шілде, 2020

Қазақстан Орта Азияда ислам қаржы қызметтерін тарату орталығына айналуы мүмкін

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ислам қаржысы саласындағы халықаралық білім беру орталығының президенті және бас директоры Профессор Дато, доктор Мохд Азми Омар осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Орта Азияда ислам қаржы қызметтерін тарату орталығына айналуы мүмкін

Ол үшін Ислам қаржысы саласында заңнаманы одан әрі дамыту және жаңа финтех-шешімдердің пайда болуы үшін жағдай жасау маңызды деп есептейді сарапшы. 

"Исламдық қаржыландыруда жұмыс істейтін барлық кәсіпорын цифрлық форматқа өтуі үшін жағдай жасау қажет. АХҚО бұған көмектесе алады" деп атап өтті спикер.

Оның пікірінше, финтех-компаниялар нарыққа p2p шешімдерін ұсына алады, яғни бір жүйенің қатысушылары арасындағы қаржыландыру, краудфандинг. Бұл ақша ШОБ қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сектор компанияларының дамуына көмектесетін икемді заңнаманың арқасында Қазақстан бүкіл Орталық Азияда ислам қаржы қызметтерін тарату орталығына айналуы мүмкін.

"Инфрақұрылымды таратудан басқа, қаржылық сауаттылықты да тарату маңызды. Инвесторларды ақшаны қалай салуға және қолжетімді құралдарды тиімді пайдалануға үйрету керек",  деді конференцияда сөз алған тағы бір исламдық қаржы қызметі жөніндегі сарапшы Мехди Бенслиман.