Әлем • 02 Шілде, 2020

Жапонияның 3 әуежайында ПТР-тестілеу орталықтары орнатылады

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Үкіметі үш ірі әуежайларында коронавирусқа ПТР-тестілеу орталықтарын орнатуға ниетті. Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Жапонияның 3 әуежайында ПТР-тестілеу орталықтары орнатылады

Шаралар елден келуге және кетуге арналған шектеулерді біртіндеп алып тастау қажеттілігінен туындады. Тестілеу орталықтары Токиодағы Нарита және Ханэда әуежайларында және Осака маңындағы Қансай әуежайында орнатылады. Сондай-ақ, бір орталықтан екі префектураның орталық бөлігінде құрылады.

Орталықтардың қызметі осы жаздан бастап іске қосылады деп күтілуде. Елге кірушілер үшін тест жүргізуге басты назар аударылатын болады. Жапониядан шығатындарға қатысты мәселе әзірге шешілуде. Қазір әуежайдың карантиндік қызметінде күніне 1 мыңға жуық сынақ өткізуге жеткілікті, нәтижені 1-2 күн күтуге тура келеді. Жаңадан құрылған орталықтар нәтижелерді күту уақытын бірнеше сағатқа қысқарта отырып, күніне 4 мыңға жуық тест өткізе алады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Жапония 129 елден шетелдіктердің келуіне тыйым салды.