Медицина • 02 Шілде, 2020

Коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистика аптасына бір рет хабарланады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: "Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканы аптасына бір рет хабарлайтын болады", деп жазады Egemen.kz

Коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистика аптасына бір рет хабарланады

Оның айтуынша, адам өліміне коронавирус себеп болғанын анықтау үшін комиссия мүшелеріне арнайы уақыт қажет.

"Бұл маңызды мәселе. Бұрын біз мұндай деректерді күн сайын беретінбіз. Мәселен, науқас алдыңғы күні қайтыс болды, ал біз келесі күні ақпаратты аламыз. Сондықтан біз қазір оны апталық форматта беруді жоспарлап отырмыз", дейді А.Цой.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде барлығы 42 574 жұқтыру жағдайы расталған. Оның 14 059-ы сауығып кетті. Осылайша елде 28,5 мың адам симптомды жұқтырғандар қатарына кіреді.

Алдағы 5 шілдеден бастап Қазақстанда екі апталық күшейтілген карантиндік режім туралы айтылды.  Бұдан бөлек Үкімет өңірлер арасындағы жолаушылар автобусының АВТО қатынасын тоқтата тұруға, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуға, сұлулық салондарының, шаштараздардың, спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің қызметіне тыйым салуға, СОО-ны жабуға шешім қабылдады.