Сәрсенбі күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астананың Жаңа университетін дамыту стратегиясын талқылау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушы халықаралық академиялық, ғылыми және іскерлер қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуге Results for Development Іnstіtute басшысы Деннис де Трей (АҚШ), Мэриленд университетінің құрметті физика профессоры және Ғарышты зерттеу институтының құрметті директоры Роальд Сагдиев (АҚШ), Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы, Джон Хопкинс университеті Пол Нитц атындағы озық халықаралық зерттеулер мектебінің профессоры Фредерик Старр (АҚШ), ғалым-физик, Арагон ұлттық лабораториясының профессоры Зинеттулла Инсепов (АҚШ), Сингапур ұлттық университетінің профессоры Радж Раджагопалан, Кэмбридж-Орталық Азия бағдарламасының төрағасы, Кэмбридж университетінің физика профессоры Сиддхарт Шанкер Саксен (Ұлыбритания) және басқалар қатысты.
Кездесу барысында Астананың Жаңа университетін дамыту стратегиясы мәселелері, сондай-ақ оның Халықаралық консультативтік кеңесінің жұмысы жөнінде пікір алмасылды.
Премьер-Министр Астананың Жаңа университетінің озық әлемдік тәжірибедегі жоо ретінде қалыптасуына мүдделі екенін, Үкіметтің оны дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ ол шетелдік әріптестерді Қазақстанмен белсенді қызметтестікке шақырды.