Қымбатты отандастар! Қадірлі достар!
Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясының қатерлі пандемиясы әлемнің көптеген елін, соның ішінде Қазақстанды да шарпыды. Миллиондаған адам осы ауыр дертпен сырқаттанды, ол мені де айналып өткен жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, көрнекті саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің шынайы жанашырлығын танытып, маған моральдық қолдау көрсеткені көңілімді тебірентті. Баршасы қалтқысыз ниеттестігін жеткізіп, сергектік тілеп, тезірек сауығып кетуіме тілектестігін жолдады, сол үшін бәріне зор ризашылығымды білдіремін.

Сурет Елбасының баспасөз қызметінен алынды
Олардың қатарында Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған, Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа Заид Әл Нахаян, Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Армен Саркисян, Украина Президенті Владимир Зеленский, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Пәкстан Президенті Ариф Алви, Израиль Президенті Реувен Ривлин, Сербия Президенті Александр Вучич, Хорватия Президенті Зоран Миланович және т.б. бар. Бәрін түгел атап шығу мүмкін емес, бірақ мен олардың барлығының жолдаған хат-хабарымен таныстым. Қымбатты достар, сіздердің шын көңілден шыққан тілектеріңіз, ыстық ықыластарыңыз маған күш беріп, өмірге құлшыныс-қуатымды арттырды. Баршаңызға басымды иіп, зор денсаулық пен табыс тілеймін!
Мен еліміздің көптеген өндіріс ұжымдарынан, еңбек ардагерлерінен, әскери қызметшілерден, студенттер мен оқушылардан – өз қолдауы мен тілектестіктерін жеткізіп, маған мықты денсаулық тілеп, толық сауығып кетуіме ниеттестік білдірген көп қазақстандықтардан хаттар мен жеделхаттар, сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы жолданған хат-хабарлар алдым.
Маған шынайы жанашырлығы мен қолдауын ғылыми қоғамдастық пен шығармашылық зиялы қауымның өкілдері де білдіргенін ризашылықпен айта кеткім келеді. Олардың арасында Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенова, Бибігүл Төлегенова, Төрегелді Шарманов, Мырзатай Жолдасбеков, Сұлтан Оразалин, Ғарифолла Есім, Несіпбек Айтұлы, Жандарбек Мәлібеков, Талғат Теменов және басқа да Қазақстанға кеңінен танымал қайраткерлер болды.
Менің атыма Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Илья Ильин, Әлия Юсупова, Зарина Диас сияқты белгілі спортшыларымыз ізгі тілектерін білдірді. Баршаңызға көп рахмет айтамын! Мен бәріңізді де білемін. Сіздер және басқа да жастар – тәуелсіздік перзенттерісіздер. Денсаулық пен бақыт тілеймін!
Дәрігерлердің күш-жігері және олардың талаптарын мүлтіксіз орындаудың, сондай-ақ баршаның қолдауы мен жылы сөздерінің арқасында мен сырқаттан сауығып шықтым, қазір өзімді жақсы сезінемін, толыққанды жұмысқа кіріскелі отырмын. Халқыммен бірге бұл сырқаттың бүкіл ауыртпашылығын сезіндім, қазір емделіп жатқандардың бәріне төзім мен қажыр-қайрат және тезірек сауығып кетулерін тілеймін.
Біз өткеріп жатқан күрделі кезең – бүкіл адамзаттың басына түскен сын сағат. Сырқатпен күрестің ең алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер адамдарды аман алып қалу үшін барлық күшін жұмсауда. Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбегіне баға жетпейді – мұны қазіргі уақыт айқын көрсетіп отыр. Болашақта да отандық денсаулық сақтау саласына баса көңіл аударып, оны дамытуға қажетті қаржылық және материалдық ресурстар бөлу керек. Осы орайлы сәтте еліміздің медицина қызметкерлеріне ерекше ризашылығымды білдіремін.
Естеріңізде болар, тәуелсіздіктің бастапқы жылдары менің шешіміммен арнаулы Ұлттық қор құрылып, алтын-валюта резерві жасалды. Бұл бізге әлемдік екі бірдей дағдарысты жеңіп шығуға септігін тигізді және сол қаражат қазір Үкіметке пандемияға қарсы ауқымды жұмыс пен тұрмысы төмендерге қолдау көрсету барысында көмегін тигізуде. Егер алдағы уақытта оны ақылмен, үнемдеп пайдалана білсек, өзге сын-қатерлерді де тиімді еңсере аламыз. Қазақстанның басқа елдер алдында қарызы ең төмен мемлекеттің бірі екені де біздің артықшылығымыз.
Еліміздің Президенті мен Үкіметі қалыптасқан жағдайды түзету үшін қажетті барлық шараны қабылдауда. Бірақ көп нәрсе өзімізге байланысты. Дәрігерлер біз үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда бұл ауруды жұқтырудан сақтану көбінесе әр адамның өзіне байланысты. Төзімді болу керек, әсіресе жастарға. Қажетті гигиена талаптарын орындап, тезірек вакцина пайда боларына үміттене отырып, ауру жұқтырудан барынша ұзағырақ уақыт сау болуға тырысқан жөн. Тәртіп сақтап, өз денсаулығымызды, туған-туыстар мен жақындардың амандығын ойлауымыз қажет, дәрігерлерге сену керек.
Халқымыз басқа түскен қиындықты өзінің қайрат-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы бүкіл халықаралық қоғамдастықпен бірге лайықты түрде еңсеріп, аман-есен шығарына сенімдімін. Біз тағы да жеңімпаз боламыз. Еліміздің жақсы күндері алда. Біз біргеміз! Біз жеңеміз! Біздің ұранымыз осы.
Барлық отандастарымызға мықты денсаулық пен игілік, елімізге бақ-береке тілеймін!
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар