«2022 жылғы ойындар Special Olympics International ұранымен өтетін алғашқы халықаралық шара болмақ. Ойындар мың жылдық тарихы бар Татарстан астанасы – Қазан қаласында өтеді. Қазан соңғы 10 жылдың ішінде ірі спорттық шараларды: 2013 жылғы Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданы, 2015 жылғы су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатын, футболдан әлем чемпионатының матчтарын өткізген болатын», делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.
Жалпы, Қысқы ойындарға 108 мемлекеттің екі мыңға жуық спортшысы қатысады деп жоспарланған.