Білім • 03 Шілде, 2020

Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін тапсыруға болады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мектеп, балабақша, ЖОО мен колледжге оқуға түскендерден медициналық анықтама уақытша талап етілмейді. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.

Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін тапсыруға болады

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім беру ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтамаларды  уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі 

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоо-ларға) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

Egov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін аталған анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданады.