Саясат • 03 Шілде, 2020

Палдискиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күнінде Харьюмаа, Ида-Вирумаа, Тартумаа және Ляяне-Вирумаа аумақтары консулдық округімен Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы салтанатты түрде ашылды. Мекеме басшысы ретінде Эстония Парламентінің экс-депутаты, "Talinna Linnatranspordi" АҚ басқарма төрағасы Денис Бородич тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Палдискиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов өз сөзінде Құрметті консулдықтың ынтымақтастықтың барлық бағыттарындағы Қазақстан-Эстония қатынастарын дамытудағы, әсіресе елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы, сондай-ақ еліміздің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Іс-шараға Ляяне-Харью ауданының басшысы Янус Саат, Палдиски теңіз портының басшылығы, дипломатиялық корпустың, Эстония Парламентінің (Рийгикогу), аймақтың іскер топтары мен жергілікті басқару органдарының өкілдері қатысты.