Экономика • 03 Шілде, 2020

Қазақстандық экспорттаушылар өнімдерін Alibaba арқылы сатып жатыр

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, отандық тауарлардың сыртқы нарықта жылдам таралуына электронды коммерция септігін тигізіп келеді. Ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов цифрлы сауда алаңдарын арттыру бағытында "Интернет-экспорттаушы мектебі" бағдарламасы іске қосылғанын айтты.

Қазақстандық экспорттаушылар өнімдерін Alibaba арқылы сатып жатыр

Бұған қоса Alibaba платформасы арқылы 50 қазақстандық кәсіпорын өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алды деп нақтылады министр.

"16 тауар позициясы бойынша басымдық беріліп, оларды жаңа нарықтарда ілгерілету үшін тың шешімдер әзірленеді. Жыл басынан бері Kazakh Export желісі бойынша 39 отандық экспорттаушыға қолдау көрсетілді. Оның ішінде 26-сы төтенше жағдай кезеңінде 6 млрд теңгеден астам қаражатқа сақтандыру қолдауына ие болды", деді Б.Сұлтанов.

Аталған министрлік 2025 жылға қарай тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортын 41 млрд долларға дейін арттыруды көздеп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 24,7 млрд доллар көлемінде байқалды.