Аймақтар • 04 Шілде, 2020

Атырауда ҰБТ-ға 236 түлек қатыспай қалды

1000 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңірде де ҰБТ сынағы аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне қарағанда, биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде  3 102 түлек бақ сынады. Оның ішінде  мектептер мен колледждерді былтыр бітірген 816 түлек те бар, - деп жазады Egemen.kz

Атырауда ҰБТ-ға 236 түлек қатыспай қалды

"ҰБТ сынағын тапсыруға 236 талапкер  келмей қалды.  Ұялы телефон мен шпаргалка әкелгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ.  Ал, 4 адам шпаргалка мен ұялы телефонды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әзірге атыраулық түлектердің арасынан ең жоғары балл алғандар туралы дерек айтылған жоқ.