Қазақстан • 05 Шілде, 2020

Тегін дәрілік көмек алу үшін қайда қоңырау шалу керек?

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекция белгілеріне күдік туындаған жағдайда, учаскелік дәрігерге қоңырау шалу керек, - деп хабарлайды Egemen.kz

Тегін дәрілік көмек алу үшін қайда қоңырау шалу керек?

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін диагнозы расталған науқас өз емханасына міндетті түрде бекітілуі тиіс. Себебі, бұл дәрі-дәрмектер халықтың тіркелімі және диспансерлік науқастардың тіркелімі бойынша "Covid-19" инфекциясының жеңіл түріне шалдыққан, пневмония немесе ЖРВИ диагнозы бар науқастарға жеке есептен босатылады.

Егер адам басқа емханаға тіркелген немесе басқа қалада болса, не істеу керек?
Аумаққа тиесілілік принципі бұзылды, нәтижесінде азаматтар өз аумағынан тыс жерде орналасқан, өздері қалаған емханаларға тіркеле бастады. Тіпті, бір отбасының мүшелері бөлек емханалардың есебінде болуы мүмкін. Көмекті тіркелмесе де жақын орналасқан емханадан алу мүмкіндігі қарастырылған ба? Қолданыстағы заңдарға және Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, дәрі - дәрмектер тек тіркелген азаматтарға беріледі. Бұл жағдайда азаматтар онлайн-өтініш беру арқылы тіркелген емханасынан шығып, жақын емханаға тіркелуге мүмкіндіктері бар.

Қажетті емханаға тіркелу рәсімі қанша уақытты қажет етеді?

Онлайн рәсім көрсетілетін мемлекеттік қызмет аясында Egov электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асатындықтан, көп уақыт алмайды.