Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Қарқаралы ауданында әлеуметтік үш нысан пайдалануға берілді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда күні мерекесінің қарсаңында Қарқаралы ауданында үш әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Egemen.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарқаралы ауданында әлеуметтік үш нысан пайдалануға берілді

Аудан орталығында жаңадан бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені 320 адамға лайықталып жобаланған. Жалпы аумағы  2437,7 шаршы метр жерді алатын кешенде спорттың волейбол, баскетбол, гандбол, күрес түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай бар. Спорт сарайының іші жаттығуларға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

7777

Қарқаралы қаласында тағы бір спорт нысаны – үстел теннисінің орталығы да келушілерге айқара есік ашты. Мұнда бір мезігілде 60-тан астам адам спорттың осы түрімен айналыса алады. Теннис орталығы заманауи талаптарға сай жарақтандырылған.

Сонымен қатар, аудандағы ірі елді мекендердің бірі Қарағайлы кентінде дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жергілікті халық көптен күткен бұл медициналық мекеме бір мезгілде 100 адамға дейін қабылдай алады, 25 төсектік күндізгі стационар медициналық керек-жарақпен толық жабдықталған.

 

 

Қарағанды облысы